15.12.2011, 13:07 4061

Қарашығанақ жобасындағы Қазақстанға берілетін үлес құны 3 млр АҚШ долларын құрайды

Интерфаксақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сенімсіз эквивалентті қоса алғанда, берілетін үлес құны 3 млрд долларды құрайды.Консорциумға қатысушылар бұл сомадан Қазақстан бюджетіне 1 млрд доллар көлемде салық төлейді. Консорциум "ҚазМұнайГаз" компаниясына үлесті сатып алуды қаржыландыруға нарықтық жағдайда үш жыл өтеу мерзімімен 1 млрд доллар мөлшерде несие береді.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарашығанақ жобасындағы Қазақстанға берілетін 10 пайыздық үлес құны 3 млр АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "ЛУКОЙЛ Оверсиз" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Интерфаксақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сенімсіз эквивалентті қоса алғанда, берілетін үлес құны 3 млрд долларды құрайды.Консорциумға қатысушылар бұл сомадан Қазақстан бюджетіне 1 млрд доллар көлемде салық төлейді. Консорциум "ҚазМұнайГаз" компаниясына үлесті сатып алуды қаржыландыруға нарықтық жағдайда үш жыл өтеу мерзімімен 1 млрд доллар мөлшерде несие береді.

"Қол қойылған келісім барлық соттық талаптарды өзара қайтарып алу, салықтық кінәраттарды реттеу және экспорттық кеден бажын төлеу мәселелерін қарастырады. Келісім тараптардың кейінге қалдырылған бірқатар шарттарды орындағанынан кейін 2012 жылы 30 маусымда күшіне енуі тиіс", - делінген хабарламада.

"ЛУКОЙЛ Оверсиз" президенті Андрей Кузяев қол жеткен келісімдер Қарашығанақ жобасын дамытудың жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік беретінін айтады.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше Астанада Karachaganak Petroleum Operating (KPO) консорциумының қатысушылары Қазақстан үкіметімен бірге Қарашығанақ жобасын әрі қарай кешенді дамытуға қатысты келісімге қол қойды.

Атап айтқанда, консорциумға қатысушылар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кенішін игеру бойынша Өнімді бөлу туралы қорытынды келісімге 10 пайыздық қатысу үлесін береді. Үлесті беру жоба қатысушыларының қазіргі үлестеріне тең жүргізіледі.

Мәселен, BG Group өзінің қазіргі 32,5% үлесін 29,25%-ға дейін, Eni қазіргі 32,5%-дан 29,25%-ға дейін, Chevron 18%-ға дейін (қазіргі үлесі 20%), ЛУКОЙЛ 13,5%-ға дейін (15%) қысқартады.

Келісімге сәйкес, KPO ҚазМұнайГазға 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі келіспеушіліктерді реттеу есебінде Қарашығанақ жобасына қатысу үлесінің 5%-ын береді және 5%-ын 1 млрд $-ға сатады.

Сонымен қатар, Қазақстан консорциумға Каспий тұрба құбыры консорциумының "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбыры арқылы жылына 0,5 млн тонна мұнай жөнелтуге қосымша квота бөледі. Кейіннен магистральдің өткізу қабілеті артуына қарай оның мөлшері жылына 2 млн тоннаға арттырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны