12.05.2009, 14:19 1191

Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңін жүзеге асыру кешеуілдеген жағдайда Қазақстанда ішкі нарықта газ тапшылығы пайда болмақ

Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңін жүзеге асыру кешеуілдеген жағдайда Қазақстанда ішкі нарықта газ тапшылығы пайда болмақ

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңін жүзеге асыру кешеуілдеген жағдайда Қазақстанда ішкі нарықта газ тапшылығы пайда болмақ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қарашығанақ жобасының үшінші кезеңі бекітілмеген жағдайда, Қашаған кенішіндегі газдың 80% дейінгі бөлігі кері айдалған жағдайда, сондай-ақ, халықтың газ тұтыну көлемі табиғи өскен жағдайда біз 2020 жылдан кейін ішкі нарыққа шығарылатын газ тапшылығына тап боламыз", - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылатын болса, ішкі нарықтағы газ тапшылығы 2030 жылдан кейін сезілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны