22.01.2016, 19:12 5344

Кәрім Мәсімов теӊгеніӊ құлдырауы тоқтайды деп уәде етті

Теӊге бағамына қатысты болжамын премьер-министр жасады. Кәрім Мәсімовтыӊ айтуынша, алдағы бірнеше аптаныӊ ішінде теӊгеніӊ құлдырауы тоқтайды екен.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Теӊге бағамына қатысты болжамын премьер-министр жасады. Кәрім Мәсімовтыӊ айтуынша, алдағы бірнеше аптаныӊ ішінде теӊгеніӊ құлдырауы тоқтайды екен. Алайда, мұныӊ бәрі қазір құны тым төмендеп кеткен мұнай және рубль бағамымен тығыз байланысты. Бұған қоса, Мәсімов Үкіметтіӊ кез-келген жағдайға дайын екенін де айтты. Тіпті, мұнай бағасы 16 доллар болғандағы бюджеттіӊ жағдайы тестіленіп жатыр екен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

-Меніӊ ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теӊдік нүктесіне жақындап қалдық. Енді алдағы бірнеше аптаныӊ ішінде рубльдіӊ де, теӊгеніӊ де долларға қатысты бағамыныӊ тұрақталатынын көреміз. Тепе-теӊдік нүктесіне келгенде, жағдай да қалпына келеді. Сонда ғана ұзақ мерзімді болжам жасауға болады, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны