29.01.2009, 15:48 1609

Қаржы министрі салық және кеден органдарында мамандардың топ-тобымен ауыстырыла беруіне тыйым салды

Қаржы министрі салық және кеден органдарында мамандардың топ-тобымен ауыстырыла беруіне тыйым салды

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы министрі салық және кеден органдарында мамандардың топ-тобымен ауыстырыла беруіне тыйым салды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізде бөлімшелердің бастықтары арасында жиі ауыс-түйістер жасалады. Егер қандайбір бөлімшенің бастығы ауыстырылып жатса, бұрын онымен бірге жұмыс істеген бір де қызметкер онымен ілесе кетуге тиіс емес деп санаймын", - деді министр өз қарамағындағы Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитетінің және осы мекемелердің бөлімшелердің бастықтарына қаратып айтқан сөзінде.

Болат Жәмішев "белгілі бір мерзім жұмыс істемеген қызметкер ауыса беруге тиіс емес. Бұл тәртіп қатаң сақталуға тиіс. Осындай жағдайда ғана тиімділікті күтуге болады", - деді министр.

"Мен осы тапсырма іс жүзінде орындалып жатқандығын көрсететін жан-жақты ақпарат беруді сұраймын. Өйткені, мәселе бір аймақтан екіншісіне көшуде емес, ауыс-түйістің мәні басқаша. Және басшылар сіздер оның не үшін жасалатынын білесіздер", - деді қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны