05.09.2007, 18:36 2897

Қаржы министрлігі "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында қаржы нарығында сатылатын мемлекеттік компаниялар акцияларының көлемі мен оларды сататын мерзімді айқындады

Қаржы министрлігі үкіметке "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында акциялары қаржы нарығында сатылатын мемлекеттік компаниялардың тізімін енгізді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Қаржы министрлігі үкіметке "Халықтық ІРО" бағдарламасы аясында акциялары қаржы нарығында сатылатын мемлекеттік компаниялардың тізімін енгізді. Бұл туралы бүгін іскерлік өкілдеріне арналған "Тұрақты даму жолы" атты дөңгелек үстелден кейін журналистерге берген сұхбатында мекеме басшысы Наталья Коржова хабарлады.

"Біз үкіметке "Халықтық ІРО" бағдарламасына қамтылатын мемлекеттік компаниялардың тізімі, олар сататын акциялардың көлемі, тұрғындар мен зейнетақы қорлары үшін акцияларды сату мерзімі айқындалған қаулының жобасын енгіздік", - деді ол. ""Самұрық" мемлекеттік холдингі, "Қазына" қоры мен "Қазагроға" және "Самғау" холдингіне кіретін мемлекеттік компаниялардың бағалы қағаздары сатылады, - деді министр.

"Еліміздегі зейнетақы жинақтаушы қорлары бүгінде қыруар қаржы жинап отыр, алайда, олардың қорыжынындағы бағалы қағаздардың сапасы сын көтермейді", - деді Н. Коржова. "Мемлекет қаржы нарығының дамуына акцияларлың мемлекеттік қоржынын қаржылық нарықта сату арқылы ғана өзіндік үлес қоса алады, және егер осы акциялар зейнетақы қорлары үшін тартымды болса, онда олар оны сатып ала алады", - деді ол. Осы орайда министр "зейнетақы жинақтарының сақталуына заң кепілдік беретіндіктен, Қазақстан халқының алаңдамауына болады" деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны