15.10.2009, 14:46 1640

Қаржы жүйесіндегі заң бұзушылар қаржылық ұйымдарға басшылық қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойы айрылуы мүмкін - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі

"Менің пайымдауымша, еліміздегі акционерлер мен қаржылық ұйымдардың қызметкерлерінің басым бөлігі заңды құрметтейтін тұлғалар, сол себепті де бүкіл сектор жаппай бірлі-жарым жоғарыдағыдай жағдайлардан болып ыңғайсыз көрініс тудырып жатса, сондайлардан тезірек арылу керек", - деді ол.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қаржылық бақылау агенттігі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының аясында заңнамаға қаржы жүйесіндегі заң бұзушыларды қаржылық ұйымдарға басшылық қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойы айыру жөніндегі норманы заңнамаға енгізбек ниетте. Бұл туралы бүгін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова парламент мәжілісінде өткен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұндай мәселе кең көлемде талқылану үстінде. Іскерлік беделдің кіршіксіздігі жөніндегі талапты күшейте түсу қажет. Бұл талап тек қаржылық ұйымдардың жетекшілеріне ғана емес, олардың акционерлеріне де қойылуға тиіс. Сол себепті де осындай дау-дамайға араласқандарға өмір бойы басқаның ақшасына қандай да бір жолмен қатысы болуға тыйым салу жөнінде ұсыныс жасалып отыр", - деді Е. Бахмутова журналист сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл ұсыныс нарықты реттеушілер тарапынан жасалып отыр. "Мен әзірге қаржылық ұйымдардың тарапынан өткір қарсылықты байқап отырған жоқпын, өйткені, қаржылық ұйымдарда арсыз адамдардың болуы рыноктың өзінің беделіне нұқсан келтіреді", - деді агенттік төрайымы.

"Менің пайымдауымша, еліміздегі акционерлер мен қаржылық ұйымдардың қызметкерлерінің басым бөлігі заңды құрметтейтін тұлғалар, сол себепті де бүкіл сектор жаппай бірлі-жарым жоғарыдағыдай жағдайлардан болып ыңғайсыз көрініс тудырып жатса, сондайлардан тезірек арылу керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны