14.12.2015, 16:44 3981

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 331,33 теӊге

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 328,45 теӊгені (+15,86) құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 511 550 мыӊ USD (+306 250 мыӊ)

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтыӊ қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теӊгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD)

орташа сараланған бағамы 331,33 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 345 450 мыӊ АҚШ доллары;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теӊгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теӊгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен Ресей рублініӊ (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7084 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 60 000 мыӊ рубль болды.

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 328,45 теӊгені (+15,86) құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 511 550 мыӊ USD (+306 250 мыӊ), деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,2900 тенге (жылдық 32,66 %), сауда-саттық көлемі 644 000 мыӊ USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны