10.01.2011, 15:49 3853

KASE-дегі сауда көлемі 2010 жылы 30,4 трлн теңгеге дейін 33,9% артты

Нарықтың барлық секторларында Қазақстандық қор биржасында (KASE) сауда көлемі 2010 жылы 30,4 трлн теңгені (206,519 миллиард АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 33,9% (долларда 32,7%) өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - Нарықтың барлық секторларында Қазақстандық қор биржасында (KASE) сауда көлемі 2010 жылы 30,4 трлн теңгені (206,519 миллиард АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 33,9% (долларда 32,7%) өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен қатар, акцияларды сату көлемі 280,6 миллиард тенгені (1,903 миллиард АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 56% (долларға шаққанда 55,8%) төмендеді.

Өз кезегінде KASE-дегі корпоративтік облигацияларының сауда көлемі өткен жылы 270,6 миллиард теңгені (1,836 миллиард АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 29,9% (долларға шаққанда 30,4%) төмендеді.

2010 жылы KASE-дегі мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) саудасының көлемі 1,431 триллион теңгені (9,716 миллиард АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 1,7% (долларға шаққанда 2,9%) төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны