09.02.2015, 20:35 3776

Қашағанда құбырлардыӊ ауыстырылуы 2016 жылдыӊ екінші жартысында аяқталады - ҚМГ

Қашаған" кен орнындағы жарықшалар анықталған құбырлардыӊ орнына жаӊасын салу үрдісі 2016 жылдыӊ екінші жартысында аяқталады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингiнде "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев мәлiмдедi

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - "Қашаған" кен орнындағы жарықшалар анықталған құбырлардыӊ орнына жаӊасын салу үрдісі 2016 жылдыӊ екінші жартысында аяқталады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингiнде "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"D аралынан "Болашақ" кешенiне дейiнгi құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстар 2016 жылдыӊ екiншi жартысына дейiн аяқталуы тиiс. Қазiргi уақытта атқарылған жұмыс, жасалған келiсiмдердi ескере келе, менiӊ түсiнiгiм бойынша, бұл жобаны уақытылы орындауға еш кедергi жоқ", - дедi С.Мыӊбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

2016 жылдыӊ екінші жартыжылдығына дейiнгi уақытта консорциум аталмыш кен орнында мүлiктi түгендеу жұмыстарын да жүргiзбек.

"Мердiгерлер тарапынан қажеттi шешiмдердiӊ барлығы қабылданған. Мен бұл ретте алты компанияны айтып отырмын, яғни жоба қатысушыларымен бұл келiсiм мақұлданған. Менiӊ түсiнуiмше, құбырлардыӊ тартылуы ауқымды жұмыстарды жүргiзудi қажет етедi", - деді ол.

"Жаӊа құбырларды тарту бойынша шығындардыӊ республикаға жүктелмейтiнiн айтып кеткiм келедi. Бұл консцориумныӊ шығыны болып табылады және оныӊ орнын республика өндiрiлген мұнай есебiнен жаппайды. Осыған орай консорциум жобаны уақытылы әрi еӊ төмен шығынмен орындауға мүдделi", - деді С.Мыӊбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны