10.06.2014, 20:51 2691

"Кәсіпқор" холдингі 2014 жылы NCCER пішіні аясында 4 бағыт бойынша оқытуды жоспарлауда

""Кәсіпқор" холдингі 2014 жылы аккредитация алу үрдісін ұйымдастырып, 4 бағыт бойынша оқытуды көздеп отыр. Олар: су курстары, құбыр желісінің монтажы, электр монтажы, КИПиА техникасы. Ол Атырау қаласындағы мұнай саласының мамандарын дайындау бойынша өңіраралық кәсіптік орталықта жүзеге асырылады", - деді "Кәсіпқор" холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Айжан Ахметова.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Кәсіпқор" холдингі Ұлыбританиядан келген шетелдік әріптестермен NCCER әлемдік тіркеуі бойынша техника мамандарының біліктілігін көтеру жайын талқылады. Кездесу барысында 2014 жылы холдинг 4 бағыт бойынша оқытуды бастайтындығы мәлім болды.

""Кәсіпқор" холдингі 2014 жылы аккредитация алу үрдісін ұйымдастырып, 4 бағыт бойынша оқытуды көздеп отыр. Олар: су курстары, құбыр желісінің монтажы, электр монтажы, КИПиА техникасы. Ол Атырау қаласындағы мұнай саласының мамандарын дайындау бойынша өңіраралық кәсіптік орталықта жүзеге асырылады", - деді "Кәсіпқор" холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Айжан Ахметова.

Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін аталмыш 2-4 деңгейін енгізу бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған.

Айта кетерлігі, қазақстандық құрылыс саласының жұмыс күшін дамыту үшін Атыраудағы өңіраралық кәсіп орталығының әлеуетін бірінші кезекке қойып отыр.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша, NCCER бойынша аккредитация алу және оқыту бағдарламаларын өткізу құрылыс саласындағы қазақстандық жұмыскерлердің біліктілігін арттырады. Оған қоса, ҚР аумағындағы шетелдік жұмыскерлердің азаюына септігін тигізіп, отандық қызметшілердің әлеуетін арттырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны