25.07.2012, 16:28 2618

Каспий құбыр желісінің қазақстандық учаскесінде жаңа мұнай айдау стансалары салынуда

Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай құбырын кеңейтуді мақсат етіп отырған жобаның қазақстандық учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Каспий құбыр желісінің қазақстандық учаскесінде жаңа мұнай айдау стансалары салынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай құбырын кеңейтуді мақсат етіп отырған жобаның қазақстандық учаскесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

"КТК құбырын кеңейту жобасының аясында бүгінде Атырау және Теңіз мұнай айдау стансаларында жаңарту және кеңейту жұмыстары, сондай-ақ жаңа А-НПС-3А және НПС-4 стансаларының құрылыстарына әзірлік жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, қазақстандық учаскелердің бірінде диаметрі 700 мм құбырлар 1000 мм құбырларға ауыстырылуда.

Айта кету керек, кеңейту жобасының арқасында КТК мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін 28,2 млн. тоннадан/ жылына (оның ішінде қазақстандық мұнайдың көлемі 21,5 млн. тонна) 67 млн. тоннаға/жылына жеткізу (қазақстандық мұнайдың көлемі 52,5 млн. тонна) қарастырылуда.

Компанияның ақпараты бойынша, бұл жобаны іске асыру консорциумды жаңа экономикалық деңгейге шығарады. Табыс екі есеге артып, жылына 2,3 млрд. долларды құрайды деп күтілуде. Оған қоса, 2015 жылға қарай мұнай айдау стансаларының саны қазіргі 5 бірліктен 15-ке жететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны