08.05.2008, 16:10 2411

"Каспий" ИКК-да Қазақстандағы АҚШ елшісінің саяси және энергетикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен кездесу өтті

"Каспий" ИКК-да Қазақстандағы АҚШ елшісінің саяси және энергетикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісімен кездесу өтті

Ақтау. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Каспий" ИКК ҰК" АҚ-да жуырда Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның басқармалары төрағасының инвестициялық саясат жөніндегі орынбасары Иділбек Көшеров пен Қазақстандағы АҚШ елшісінің саяси және энергетикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Джон П.Кунидің кездесуі өтті. Бұл туралы агенттікке ИКК баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде ағымдағы жылы Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында жүзеге асырыла бастайтын жобалар таныстырылды.

И. Көшеров елшінің кеңесшісіне қазір "Каспий" Илеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның қоржынында 70 жобалық өтініш жатқанын , оның 10 жобасы ИКК директорлары кеңесінің ағымдағы жылдың 26-шы наурызында Астанада өткен отырысында қаралып бекітілгенін айтып берді. Соның ішінде 36 жоба өңдеу өнеркәсібі саласында, 15 - инфрақұрылымдық жоба , 11 -қызмет көрсету саласындағы жоба, 7 - тау-кен өнеркәсібі саласындағы, 1 -электр қуатын өндіру саласындағы жоба.

И. Көшеровтың айтуынша, Маңғыстау облысында теңіз түбін тереңдететін флотты қолдау базасын құру, ұн өндірісі кешені, биопрепараттар өндіретін зауыт салу жобаларын жүзеге асыру межеленген. Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тәуелсіз инспекциясын ұйымдастыру жоспарланған. Ағымдағы жылы шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік паркін құра бастау көзделуде.

Атырау облысының аумағында ағымдағы жылы КНАУФ қаңылтырларын өндіру зауытын салу, азық-түліктік және техникалық тұз өндіру, Атырау цемент зауытын салу, тауарлық бекіре өсіру фермасын салу, ұлттық күкірт сақтау орталығын құру жобалары жүзеге асырыла бастайды.

"Осындай жобалардың алғашқы легін айқындап алсақ та, біз оны жүзеге асыруға ғана назар шоғырландырып, тоқтап қалмай ілгері жылжи бермекпіз. Ақтау, Атырау және Астана қалаларында алыс және жақын шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізілуде. "Каспий" ИКК - ашық әрі транспарентті ұлттық компания, ол барлық санаттағы бизнес-қоғамдастықтармен диалогқа және ынтымақтастыққа дайын", - деді И. Көшеров.

Келіссөздер барысында Джон П. Куни Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында жүзеге асыралытын бизнес-жобаларға қызығушылық танытты.

Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ инвесторлары арасында екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны