30.05.2008, 19:33 3439

"Қазагро" "Агробанк" құруды жоспарлап отыр

"Қазагро" "Агробанк" құруды жоспарлап отыр

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазагро" ұлттық холдингі" АҚ "Агробанк" құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ІІ Орта Азиялық "Kazagrofood-2008" жеміс-көкөніс форумы барысында "Қазагроның" басқарма төрағасы Илихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Агробанк" құрудың алғышарттары, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан өсіп келе жатқан ұзақ мерзімдік қаржыландыруға деген сұраныс", - деді И. Смайылов.

Сонымен қатар, соңғы жылдары екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфелінде ауыл шаруашылығының үлесі төмендеп кетті. "Екінші деңгейдегі банктердің несиелік портфеліндегі ауыл шаруашылығының үлесі 2003 жылғы 12 пайыздан 2007 жылғы 3,6 пайызға дейін азайды", - деп толықтырды ол.

"Қазагро" басшысы мұндай банктің құрылуы 2-3 жылды қажет етеді деп есептейді.

"Банкті құру қажеттілігі жөніндегі соңғы шешімді үкімет әлі қабылдаған жоқ. Біз банк қызметінің кейбір қосымша түрлерін іске асыруға Қаржылық бақылау агенттігінің лицензиясын алуымыз керек. Біздің еншілес құрылымдарымыздың кейбір реструктуризациясын жасауымыз қажет", - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, "Қазагроның" басқарма төрағасының айтуынша, "Агробанк" құру идеясының кейбір қарсыластары Қазақстанда бұрнағы жылдары жұмыс істеген "Қазагрофинанс" секілді банкротқа ұшырауы мүмкін екенін айтуда.

"Қазагроның" төрт еншілес ұйымы - "Аграрлық-несиелік корпорация", "Қазагрофинанс", Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазірдің өзінде банк операцияларының кейбір түрлерін іске асыруда. "Қазагроның" жоспары - осы төрт еншілес құрылымның жекелеген несиелік қызметтерін "Агробанкте" бірлестіру.

"Олар ауыл шаруашылығын несиелендіру бойынша Қаржылық бақылау агенттігінің лицензиясына ие және несиелерді қайтару деңгейі 99 пайыздан асады. Бұлар айтарлықтай тұрақты және жеткілікті деңгейде тиімді қызмет ететін құрылымдар. Сондықтан, бұл банк міндетті түрде банкроттыққа ұшырайды, себебі ол барлық тәуекелді бір салаға шоғырландырған деу, дұрыс емес", - деп түсіндірді И. Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны