27.03.2008, 15:12 2670

"ҚазАгро" Астанада аймақтық терминал желісі бар көтерме базарының құрылысын бастады

"ҚазАгро" Астанада аймақтық терминал желісі бар көтерме базарының құрылысын бастады

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгро" холдингі Астанада ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға арналған аймақтық терминал желісі бар көтерме базарының құрылысын бастады. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылық министрлігінің коллегиясында сөз сөйлеген АШМ ДСҰ және өңдеу өндірісін дамыту жөніндегі департамент директоры Айна Құсайынова хабарлады.

"ҚазАгро" ауыл шаруашылық өнімдерін сату және жеткізу жүйесін ретке келтіріп арада делдалдар тізбегін азайту үшін, Астана қаласында Шымкент, Өскемен, Ақтау аймақтық терминал желісі бар көтерме базарының құрылысы басталды ", - деді А. Құсайынова.

Жоспар бойынша "аймақтық терминалдар бірыңғай логистикалық орталықтан басқарылып, тиісті көлемде көкөніс өнімдері делдалдарды айналып аймақтық көтерме базарларына тікелей жеткізіліп отыратын болады.

"Бұл жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде заманауи жоғары технологиялық көтерме сауда базары құрылып, солтүстік аймақтардың тұрғындары жыл бойы төмен бағамен сатылатын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіледі", - деп атап өтті А. Құсайынова.

Ол атап өткеніндей, бұл жұмыс "дамып жатқан ауылдық тұтыну кооперативтерінің желісі, аймақтық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары және өндірістік құрылымдармен бірлесе отырып жүргізілетін болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны