19.04.2007, 17:14 3092

"ҚазАгро" Қазақстан мен Қытай шекарасында құны 1,24 млрд теңгені құрайтын астық терминалын салмақшы

АСТАНА. 19-сәуір. Kazakhstan Today. "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ Қазақстан мен Қытай шекарасында құны 1,24 млрд теңгені құрайтын астық терминалын салмақшы. Бұл туралы бүгін холдинг басқармаларының төрағасы Илихан Смайылов Қазақстанның ауылшаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан мен Қытай шекарасында астық терминалын салу мүмкіндігі қаралуда",- деді И.Смайылов. Оның айтуынша, жоба құны шамамен 1,237 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны