01.07.2014, 21:01 3684

"ҚазАгро" қорландыру бағдарламасын әзірлеуді бастады

"ҚазАгро" Холдингі екінші деңгейлі банктерді, жекеменшік лизинг компанияларын, несие серіктестерді және микроқаржылық ұйымдарды әрі қарай агроөндірісітік кешен субъектілерін басымдық бағыттар бойынша қорландыру бағдарламасын дайындау жұмыстары басталғанын хабарлайды.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Холдингі екінші деңгейлі банктерді, жекеменшік лизинг компанияларын, несие серіктестерді және микроқаржылық ұйымдарды әрі қарай агроөндірісітік кешен субъектілерін басымдық бағыттар бойынша қорландыру бағдарламасын дайындау жұмыстары басталғанын хабарлайды.

Қорландырудың оңтайлы шарттарын дайындау шеңберінде Қазақстанның қаржыгерлер Ассоциациясына және екінші деңгейлі банктерге қорландыру бағдарламасында және оның бірқатар параметрлерін анықтауға қатысуға ЕДБ қызығушылығы туралы саул жіберілді, деп холдингте хабарлады.

Қорландыру бағдарламасы "Агробизнес-2020" 2013-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешенді дамыту бойынша бекітілген бағдарлама шеңберінде және несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Ережесін қабылдау, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті нығайту мақсатында технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылық техникасының лизингі бойынша (2014 жылғы 29 сәуірден № 420 Үкімет Қаулысы) жүзеге асырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны