04.12.2012, 16:27 4142

"ҚазАгро" несиелік процестерді оңтайландырмақ

2012 жылдың басынан бастап "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі республиканың аграрлық секторын қолдауға арнап 144,6 млрд теңге бағыттады. Осы ретте қаржыландыру құрылымындағы бюджеттік қаражаттың үлесі 34% деңгейінде. Бұл туралы Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде сол аймақтың аграрлық шаруашылықтарының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" несиелік процестерді оңтайландырмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың басынан бастап "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі республиканың аграрлық секторын қолдауға арнап 144,6 млрд теңге бағыттады. Осы ретте қаржыландыру құрылымындағы бюджеттік қаражаттың үлесі 34% деңгейінде. Бұл туралы Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде сол аймақтың аграрлық шаруашылықтарының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Холдинг басшысының айтуынша, қаражаттың көп бөлігі (шамамен 114,5 млрд теңге), АӨК субъектілері мен тұрғындарды несиелеуге, ал қалған бөлігі (28,7 млрд теңге) - түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға бағытталды.

Шығыс-Қазақстан облысының агробизнесін қаржыландыруға қатысты Д.Айтжанов жағдайдың тұрақты екенін атап өтті. Осы жылы облыс осы саланы 6,1 млрд теңгеге қаржыландырды, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде инвестиция сомасы 6,2 млрд теңгені құрады.

"ҚазАгро" холдингінің қызметінде ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау - басты бағыттардың бірі.

Жалпы несиелеу көлеміндегі 2012 жылдың 10 айындағы ШОБ несиелеу үлесі 97,6%-ды құрады, бұл шамамен 111,8 млрд теңге. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысына шағын және орта бизнеске 5,1 млрд теңге (4,5%) көлеміндегі несие ресурсы берілген.

Ұлттық холдингтің қолдауының арқасында 12,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтылды, соның ішінде 1,7 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысына "ҚазАгро" холдингінің қаржыландыруы есебінен 118 жаңа жұмыс орындары құрылды (7%) және 1 053 адам жұмыспен қамтылды (9%).

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесу кезінде холдингтің басшысы Дулат Айтжанов 2013 жылы "ҚазАгро" холдингінің алдына қойған негізгі міндеттері жайлы айтты. Жалпы бұл міндеттердің барлығы республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін қаржы ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған. Холдинг несие беру рәсімдерін барынша оңтайландыруға, "бір терезе" принципі бойынша АШТӨ қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға ниет етіп отыр және несиеге қолжетімділік проблемалары бойынша әрі қарай жұмыс жүргізуді жоспарлауда. Бұдан басқа, қазірдің өзінде қоғамдық ұйымдармен және мүдделі мекемелермен бірлесіп, агробизнестің сауда-логистикалық жүйеге кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны