15.06.2015, 08:57 4478

"ҚазАгро" озық түрде жұмыс істеуде

Ауа райы жағдайына қарамастан республикада егін егу жұмыстары аяқталуда. Сол уақытта "ҚазАгро" Ұлттық холдингі отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауа райы қолайсыздығына тәуелділігін төмендету мақсатында барынша қолдау көрсетуге жұмыстарды атқаруда

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Ауа райы жағдайына қарамастан республикада егін егу жұмыстары аяқталуда. Сол уақытта "ҚазАгро" Ұлттық холдингі отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауа райы қолайсыздығына тәуелділігін төмендету мақсатында барынша қолдау көрсетуге жұмыстарды атқаруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, ағымдағы жылдыӊ көктемгі егіс және астық жинау науқандарына "ҚазАгро" Ұлттық холдингі жалпы 100,6 млрд.теӊге сомасын жұмсайды. Бұл көрсеткіш республиканыӊ агросаласындағы маусымдық жұмыстарды қаржыландырудыӊ өткен жылдағы көрсеткішінен 16 пайызға жоғары.

Бұдан бөлек астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі отандық комбайндарды жеӊілдетілген шарттар бойынша алуға "Егін-2015" бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдыӊ 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда "Агробизнес-2020" бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.

Дымқыл бидайды кептіруге байланысты Қостанай облысындағы - "Восток-1" ЖШС шаруашылығын мысалға келтіруге болады, аталған шаруашылық "ҚазАгро" холдингініӊ жеӊілдетілген бағдарламаларымен екі жыл бұрын жабдықтар иемденген. Жұмыстыӊ бірінші маусымында кәсіпорын алты мыӊ тонна бидай кептірді. Өткен жылғы жаӊбырлы күзінде басқа кәсіпорындар ылғал астықпен қиыншылықтар көріп жатқанда "Восток-1" өзініӊ кешенінде 16 мыӊ тонна астықты кептіру жұмыстарын жүргізді! - "Жаӊбыр мен қар астында қалған 30 пайыздық ылғалды бидайды кептірдік. Мұндайды ешқашан көрмеген едік. Шығындар элеватордыӊ қызметтерінен әлдеқайда төмен, сонымен қатар қалдықтар малға азық ретінде қолданылды. Кептіру құралдары болмағанда, біз жылды шығындармен аяқтар едік", - шаруашылық басшысы Жамбыл Амантаев өз сөзінде айтты. Ағымдағы жылы да егін науқанын уақытылы жүргізу үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы алынған "Восток-1" ЖШС-ныӊ егін кешендері көмектесті.

Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниялары арқылы түрлі қаржылық құраладар арқылы жүзеге асырылады: бидайды форвардтық сатып алу, екінші деӊгейлі Банктердіӊ кепілдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасыныӊ лизингі және тағы басқа. Фермерлердіӊ қаржылық құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылдағыдай Холдинг ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолдануда. Бағдарламада қатысушы банктердіӊ саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскенін - 4-тен 8 дейін атап өткеніміз жөн. Банктер арқылы қаржыландырудыӊ жалпы көлемі 33,5 малрд.теӊге сомасын құрайды. Бүгінгі күні соманыӊ 99 пайызы игерілді.

Жалпы қазіргі уақытта "ҚазАгро" холингініӊ несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд.теӊгеден астам сомасына АШТӨ-нен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландыруға мақұлданды. Егін егу алқабы 6,3 млн.га жерді құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Көткемгі егіс жұмыстары шеӊберінде "ҚазАгроҚаржы" компаниясы 8,7 млрд.теӊге сомасына 994 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алу өтінімдерін қаржыландырды. Астық жинау техникасын алу бойынша 9,1 млрд.теӊге жалпы сомасына 1 156 комбайндарын иемденуге өтінімдер қабылданды, жалпы сомасы 4,6 млрд.теӊгені құрайтын 614 комбайнға қаржылық лизинг шарттары жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны