31.12.2013, 17:52 6483

"ҚазАгро" Ұлттық холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша шаралар аясында қаржылық институттардан өтінімдер қабылдайды

Қаржылық сауықтыру тәртібі бірнеше шаралар тізімін құрайды, оның ішінде - АӨК субъектілерінің міндеттемелері бойынша қаржылық институттарда олардың субсидиялау есебінен жылдық 7 пайызға дейін сыйақы мөлшерлемесін төмендету; несиені қайтару мерзімін 9 жылдан артық емес мерзімге ұзарту; қолданыстағы қарызды өтеуге жеңілдетілген шаралар.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша шаралар аясында қаржылық институттардың өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Агробизнес-2020" шаралар кешенін көздейтін, соның ішінде республикамыздың ауыл шаруашылық кешені субъектілерін қаржылық сауықтыруға бағытталған бағдарлама аясында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ы "Астана-финанс" банкі" АҚ қаржылық мекемесіне 5 млрд.теңге көлемінде транш берді. Жалпы екі ұйым арасында қарыз туралы шектелмелі келісім "ҚазАгро" Ұлттық холдингі тарапынан 7 млрд.теңге сомасына қаржыландыруды көздейді. 2 млрд.теңге сомасына екінші транштың аударымы ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асады.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, "ҚазАгро" Ұлттық холдингі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша шаралар аясында қаржылық институттардан өтінімдер қабылдайды.

Холдинг Директорлар кеңесі республика ауыл шаруашылық кәсіпорындар субъектілерінің төлеу қабілеттілігін көтеру, несиелік салмақты төмендетуге және банкроттық тәуекелдерді азайтуға бағытталған сәйкес қорландыру ережесін бекіткен болатын.

Қаржылық сауықтыруға 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін пайда болған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда айналым қаражатын толықтыруға алынған қарызгерлердің несиелік /кредиторлық/, лизингтік міндеттемелері, ауыл шаруашылық арнайы техникасын және технологиялық жабдықтарды лизингке алу жатқызылады.

Қаржылық сауықтыру тәртібі бірнеше шаралар тізімін құрайды, оның ішінде - АӨК субъектілерінің міндеттемелері бойынша қаржылық институттарда олардың субсидиялау есебінен жылдық 7 пайызға дейін сыйақы мөлшерлемесін төмендету; несиені қайтару мерзімін 9 жылдан артық емес мерзімге ұзарту; қолданыстағы қарызды өтеуге жеңілдетілген шаралар.

Еске салайық, қаржылық институттарды қорландыру бағдарламасын жүзеге асыру және қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдың мамыр айында мерзімі 10 жылға, жылдық 4,625% ставка бойынша сомасы 1 млрд. АҚШ долларына "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еурооблигация шығарылымын алғаш рет орналастырған болатын. Тартылған қаражатты холдинг екінші деңгейлі банктер мен өзінің еншілес компанияларына АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға қарыз/банктік салымның мақсатты жедел орналастыруын қорландыруға бағыттауды жоспарлады.

Бүгінгі күні "Астана-финанс" банкінен басқа "ҚазАгро" Ұлттық холдингі тағы бір екінші деңгейлі банкпен қаржыландыру сомасын келешекте көбейту мүмкіндігімен 800 млн.теңге сомасына қарыз беру келісімін жасады. Бұдан бөлек қаржылық сауықтыру аясында холдинг өзінің еншілес компаниясы - "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 1 млрд.теңге сомасына қаржыландыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, "ҚазАгро" холдингінің қарастыруында 23 млрд.теңге сомасына тағы ЕДБ өтінімі бар.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны