17.06.2014, 20:07 3028

"ҚазАгро" жұмыс істегелі 7,5 млрд доллар қаражат Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталды

"ҚазАгро" ұлттық холдингі қызмет жылдары Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету мақсатында 6,5 млрд евродан астам немесе 7,5 млрд доллардан астам қаражатты жұмсады.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. "ҚазАгро" ұлттық холдингі қызмет жылдары Агроөнеркәсіптік кешенге қолдау көрсету мақсатында 6,5 млрд евродан астам немесе 7,5 млрд доллардан астам қаражатты жұмсады.

Бүгін Қазақстанның бірінші Агроөндірістік инвестициялық форум аясында "ҚазАгро" ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов, "ҚазАгро" холдингі қазіргі таңда ұзақмерзімге жеңілдікпен қаржыландыру арқылы АӨК-ге қолдау көрсетуде шешуші роль атқарады, деп ағынан жарылды.

"2013 жылға дейін "ҚазАгро" қорландырудың негізгі көзі болып келді. Кейін біз халықаралық капиталдан инвестиция тарту керек екендігін түсіндік", - деп Д. Махажанов атап өтті.

Сонымен, холдингтің мәліметі бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі қызмет жылдары Агроөндірістік кешенге қолдау көрсету мақсатында 6,5 млрд евродан астам немесе 7,5 млрд доллардан астам қаражатты бағыттады.

АӨК қолдау көрсетудің негізгі құралы несиелік-инвестициялық қызмет болып табылады. Компанияның несие қоржынының жиынтық көлемі өткен жылы 1,8 млрд еуроны құрады. Бұл АӨК несиелендірудің жалпы көлемінің 48%.

"Ernst & Young" британдық аудиторлық-консалтингті компанияның мәліметіне сүйенсек, Қазақстан соңғы жылдары экономиканың тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Дәл осылай жалғаса беретін болса ол 2015 жылы әлемде жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің үштігіне кіреді. 2012 жылы Қазақстанның экономикасына 10,6 млрд. еуро инвестицияланды. Дәл осы жылы Қазақстан ТМД елдерінде Ресейден кейінгі 2-ші орынға жайғасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны