16.05.2008, 19:40 3188

"ҚазАгроФинанс" жүзден астам егістік кешендерін No-Till технологиясымен лизингіге беруді жоспарлап отыр

"ҚазАгроФинанс" жүзден астам егістік кешендерін No-Till технологиясымен лизингіге беруді жоспарлап отыр

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгроФинанс" АҚ 2008 жылы No-Till технологиясы бойынша (топырақты нөлдік өңдеу) 100-ден астам егінс кешенін сатып алып, шаруа қожалықтарына лизингіге беруді көздеп отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, топырақты нөлдік өңдеу астық өндіретін барынша ірі елдерде қолданылатын алдыңғы қатарлы өңдеу технологиясына жатады. Мысалы, No-Till технологиясы бойынша АҚШ-да өңделетін жерлердің 20 пайызы, ал Бразилия мен Австралияда 55 пайыздан астам жер егіледі.

Бұл ретте баспасөз қызметі жүйелік тұғырнама негізіндегі қайта қалпына келетін тиімді жер өңдеу бойынша No-Till технологиясы Қазақстанда қолданылатын дәстүрлі жер өңдеу әдістерінен барынша ерекшеленеді. Аталмыш технологияны пайдаланудың арқасында егіс жұмыстары кезінде пайдаланылатын техника саны азаяды, жанар-жағармай шығыны айтарлықтай кемиді (гектарына 25 литрден 7 литрге дейін).

"ҚазАгроФинанс" АҚ үкімет қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Компания акциясының 100 пайызы мемлекеттің қолында. Бұл компанияны құрудағы басты мақсат республиканың аграрлық секторының дамуын ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерінің қаржы-қаражатқа, сондай-ақ, лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасы мен технологиялық құралдарға қол жетімділігін іске асыруына қолдау көрсету болып табылады. 2007 жылдың сәуір айынан бері компания "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ құрамында болып келеді.

Қазіргі таңда компания республиканың барлық өңірлерінде 14 өкілдігі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны