24.09.2012, 12:56 2827

"ҚазАгроҚаржы" АҚ қоймаларын салу мен дамытуға байланысты төрт жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда

Олар Ақмола және Солтүстік Қазақстан болыстарында салынатын болады. Бұл нысандардың сақтау сыйымдылығы астық пен майлы дақылдардың шамамен 110 мың тоннасые құрайтын болады деп жоспарлануда. Бұл туралы "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" АҚ қоймаларын салу мен дамытуға байланысты төрт жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Олар Ақмола және Солтүстік Қазақстан болыстарында салынатын болады. Бұл нысандардың сақтау сыйымдылығы астық пен майлы дақылдардың шамамен 110 мың тоннасые құрайтын болады деп жоспарлануда. Бұл туралы "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астық сақтауға байланысты жобаларды қаржыландыру жұмысын "ҚазАгроҚаржы" АҚ өткен жылдан бастаған болатын. Бұл қаржы операторы республиканың АӨК-не инвестжобаларды іске асыру шеңберінде лизингтік компания болып табылатын жаңа бағыт.

Бүгінгі таңда қаралып жатқан жобалардан басқа, "ҚазАгроҚаржы" АҚ жалпы сыйымдылығы 70 мың тонналық әртүрлі үлгідегі 6 астық қоймасын салу мен жаңғырту бойынша жобаларды мақұлдап, қаржыландыру жұмысын жүргізу үстінде. Бұл жобалар Ақмола облысында 12 мың тонна өнімге арналған "ХПП Төңкеріс" ЖШС астық қоймасын жаңғыртуға, сонымен қатар сыйымдылығы 6 мың тонналық "Оксановка-1" ЖШС және 12 мың тонналық "ШаңырақР" ЖШС астық қоймасын тұрғызуға байланысты болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында "ХПП АЛАЗ" сыйымдылығы 20 000 тонналық, "ХПП Ильичевка" ЖШС 14 мың тонналық және "Ар" ЖШС 9 мың тонналық астық қоймасын тұрғызу жұмысы жүріп жатыр. "ҚазАгроҚаржы" АҚ осы нысандардың бәріне инвестициялайтын қаржысының жалпы көлемі 1 млрд. теңгеден асады.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ мамандарының бағалауы бойынша, республикада негізгі астық егетін облыстарда астық қоймларының жетіспеушілігі әлі де болса күн тәртібінен түспей тұр. Кейбір астық қоймаларының материалдық-техникалық базасы тозған, олардың бір бөлігі қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл проблеманың шешуі дәнді және майлы дақылдарды сақтауға арналған объектілерді тұрғызу мен модернизациялауда болып отыр, бұл жағдай өсірілген өнімнің сапасын сақтай отырып, өндіріс көлемін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны