12.12.2006, 17:35 3233

"Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының 2006 жылдың 9 айындағы таза кірісі 10% өсті

АЛМАТЫ. 12 -желтоқсан. Kazakhstan Today. Республикалық БАҚ жарияланған топтастырылған есеп беруге сәйкес "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық компаниясы" АҚ 2006 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейінгі таза кірісі 10,12 % өскен деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Құжаттарға сәйкес комапанияның 2006 жылдың 9 айындағы таза кірісі 18 597 766 мың теңгені құраған (2005 жылдың осы кезеңіндегі таза кіріс 16 887 776 мың теңге).

Компания кірісі 2006 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңде өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуде 52 242 462 мың теңгені құраған, яғни 2005 жылды осындай кезеңімен (37 730 591 мың теңге) салыстырған 38,46 % артық. Қазақатомөнеркәсібі ұлттық компаниясы АҚ 2006 жылдың 9 айындағы өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетудің өз құны 27 680 077 мың теңгені құраған, яғни 2005 жылды осындай кезеңімен (23 682 453 мың теңге) салыстырғанда 16,88 % артық.

Құжатта көрсетілгендей компанияның есеп беру кезеңіндегі жалпы кірісі 74,84 % өскен, яғни 24 562 385 мың теңге (2005 жылды осындай кезеңіндегі жылпы кіріс 14 048 138 мың теңге) болды.

Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсету шығындары өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,4% өскен, яғни 870 992 мың теңге (2005 жылы 892 522 мың теңге). Сонымен қатар компанияның әкімшілік шығындары 0,1% төмендеп, 5 540 667 мың теңгені құраған (2005 жылы 5 548 092 мың теңге).

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы - уран және сол тектес материалдарды экспортқа шығарушы ұлттық оператор саналады. Компанияның 100 пайыздық акциясы түгелдей мемлекет меншігінде, яғни Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі иелік етеді. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК геологиялық барлау, уран өндіру, металлургия, энергетика, өндірісті ғылыми негізде жарақтау және мамандар даярлау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету сияқты алты бірдей негізгі бағыттағы жұмысқа басшылық жасайтын холдинг түрінде құрылған. 2005 жылдың басында компания жұмысшыларының саны 19 мыңнан асты. 1997-жылы іргетасы қалаған сәттен бері "Қазақатомөнеркәсібі" уран өндіру көлемін 795 тоннадан 3363 тоннаға жеткізіп, дүниежүзіндегі 13-ші орыннан 3-орынға көтерілді. Қазақстандағы уран кеніштерінің қоры 1,5 млн. тоннаны құрайды. Оның 1,3 млн. тоннасын жер астында ұңғылық шаймалау тәсілімен өндіруге мүмкіндік бар.

Компания құрамына "Таукен компаниясы" ЖШС, "Волковгеология" АҚ, "Үлбі металлургия зауыты" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп-МАЭК" ЖШС, "Жоғары технологиялар институты" ЖШС, Қазақстанның ядролық университеті, "Геотехнология" оқу-әдістемелік орталығы енген. Уран өндіру бойынша канадалық "Cameco" компаниясымен бірге құрылған "Ыңғай", француздың "Areva" компаниясымен бірге құрылған "Катко", ресейдің "Техснабэкспорт" және "Атомредметзолото" компанияларымен бірге құрылған "Заречное", сондай-ақ ядролық отын әзірлеу бойынша ресейлік және украиналық әріптестерімен бірге құрылған "УКР ТВС" біріккен кәсіпорындарында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның үлесі бар.

Ал бүгін Астанада "Қазақатомөнеркәсібі ҰАК" АҚ мен Жапонияның

"Сумитомо Корпорэйшн" және "Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк." атты екі корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысында Мыңқұдық кенішіндегі "Батыс" учаскесін игеруші үш жақты бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны