11.06.2013, 15:27 14792

Kazakhmys акциялары Қаржы министрлігіне берілді

"Самұрық-Қазына" АҚ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Kazakhmys PLC. компаниясының 58,876 млн акциясының (11,24%) топтамасын берді.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Kazakhmys акциялары Қаржы министрлігіне берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Kazakhmys PLC. компаниясының 58,876 млн акциясының (11,24%) топтамасын берді.

Бұл туралы "Халықтық IPO" бағдарламасының ресми сайты хабарлады.

Нәтижесінде, Мемлекеттік мүлік комитеті Kazakhmys компаниясы 139,162 млн. акциясының (26,57%-дық үлес) иесі атанды.

ENRC хабарламасында нақтыланғанындай, бұл ENRC акцияларын сатып алу туралы ұсынысқа дайындық кезінде, мемлекеттің Kazakhmys акцияларын иелену құрылымын оңайлату мақсатында жасалып отыр. Бұл ұсыныс төлемді, соның ішінде Kazakhmys акцияларына қатысы төлемді де қамтиды. Құрамында ENRC негізін қалаған үш ірі акционер - Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев бар Консорциум мен Қазақстан Үкіметі компанияның миноритарлық акционерлеріне ENRC бір акциясы үшін 2,6 фунт стерлинг ұсынды: оның 1,75 фунт стерлингі қолма-қол ақша, ал 0,231-і Kazakhmys акциялары. Kazakhmys бір акциясының бағасы ұсыныс жасалған сәтте 3,7 фунт тұрды. Алайда, ENRC Директорлар кеңесінің тәуелсіз комитеті "бұл компанияны айтарлықтай жете бағаламау" дей отырып, консорциум ұсынысын қайтарып тастады. Консорциум кезекті ұсынысты 24 маусымға дейін жасауы тиіс.

Қазақстан қор биржасының дерегінше, А.Машкевич, П.Шодиев және А.Ибрагимов компания акцияларының 14,59%-на, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті - 11,65%-на, Kazakhmys - 26%-на иелік етеді. ENRC акцияларының 18%-дан астамы миноритарлық акционерлердің қолында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны