27.02.2012, 14:18 8717

Қазақмыс тобы "Қоңырат" кен орнындағы жұмыстарды қайта бастады

Кен орны шамамен 9 жыл бойы пайдаланылатын болады деп топшылануда. Кенді қойнау массасының көлемі 99 млн. тоннадан аспақ, оның ішінде өндірілетін кен 57 млн. тоннаны құрайды. Компания Балқаш кен-байыту фабрикасында өңдеу үшін 2012 жылы компания 3,5 млн.тонна кен өндіріп шығаруды жоспарлап отыр.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақмыс тобы "Қоңырат" кен орнындағы жұмыстарды қайта бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат аген.ттігінің хабарлауынша, Қазақмыс тобы 2008 жылы жұмысы тоқтатылған "Қоңырат" мыс кенішіндегі тау-кен жұмыстарын қайта бастағандығын жариялап отыр.

Кен орны шамамен 9 жыл бойы пайдаланылатын болады деп топшылануда. Кенді қойнау массасының көлемі 99 млн. тоннадан аспақ, оның ішінде өндірілетін кен 57 млн. тоннаны құрайды. Компания Балқаш кен-байыту фабрикасында өңдеу үшін 2012 жылы компания 3,5 млн.тонна кен өндіріп шығаруды жоспарлап отыр.

Карьердің шығыс жақтауынан кен массасын өндіру ашық түрде жүргізілетiн болады. Қазірде кен орнында жер бедерін аршу жұмыстары қолға алынды. Кенді өндіріп шығару жұмыстары жаз уақытында басталып, 2012 жылдың шілде айында жобалық қуаттылығына толық жеткізіледі. "Қоңырат" кеніші 300-ге тарта адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.

Кен орнында жұмыстар жүргізу үшін компания тау-кен техникасы мен қосалқы жабдықтарды сатып алуға 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөліп отыр. Кеніштегі автопарк тау-кен техникаларының 17 бірлігімен, соның ішінде экскаваторлармен, жүк көтергіштігі 130 тонналық "БелАЗ" автокөліктерімен, бульдозерлермен және автогрейдерлермен жарақталатын болады. Қосалқы жүргізілетін жұмыстар үшін отын құйғыштар, вахталық тасымалдаушы автобустар, жүк көтергіштігі шағын автосамосвалдар, топырақ шашыратқыштар сатылып алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны