21.11.2012, 20:25 2913

"Қазақмыстың" серіктесі Sandvik Mining компаниясы Вьетнам нарығына шықты - баспасөз баяны

Компания Вьетнамдағы болат өндіру комбинатына барлығы 14 техника жіберетін болды.

Sandvik Mining компаниясы Вьетнамдағы болат өндіру комбинатына өз техникасын жеткізу туралы келісімшарт орнатты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Компания Вьетнамдағы болат өндіру комбинатына барлығы 14 техника жіберетін болды.

"Бұл келісімшарт Sandvik Mining компаниясының техникасы әлем бойынша сұранысқа ие екенін көрсетеді", - деп атап өтті Sandvik Mining компаниясының президенті Гари Хьюз

Айта кетейік, Sandvik Mining компаниясы 1970-жылы "Қазақмыс" компаниясымен қарым-қатынас орната бастайды. "Қазақмыс" сатып алған ең алғашқы құрылғылар қарапайым бұрғылау құралдары болатын. Кейін, Қазақстан бойынша ғана емес әлем бойынша жез қазудағы көшбасшы, 18 кен орны мен 10 тау-кен байыту фабрикасы бар "Қазақмыс" компаниясы аталмыш өндірушімен ынтымақтастығын нығайтып, сенімін арттыра түсіруді жөн санайды. Оған себеп - өнім сапасы еді. Ал Қазақстан тәуелсіздігін алып, оң-солын түзеген соң, нақтырақ айтсақ, 1995 жылы аталмыш екі компания ресми түрде келісім жасасып, екі тараптың да тарихында болмаған тапсырыс жайлы құжатқа қол қояды. Содан бері "Қазақмыстың" кәсіпорындарына "Sandvik" компаниясының 320 технологиясы әкелінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны