10.03.2011, 15:27 4272

Қазақстан 16,5 млн гектар алқабқа дәнді дақыл егуді жоспарлауда

Қазақстан 16,5 млн гектар алқабқа дәнді дақыл егуді жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан 16,5 млн гектар алқабқа дәнді дақыл егуді жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылы республика бойынша жалпы егістік алқабы 21,3 млн. гектарды құрайды. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім еткен.

"Облыстық әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес биылғы жылы республика бойынша жалпы егістік алқап 21,3 млн. гектарды құрайды. Оның 16,5 млн. гектары - дәнді, 1,7 млн. гектары - майлы дақылдар. Бұл ретте дәнді жемдік және дәнді бұршақты дақылдардың егістік алқабы 94 мың гектарға артпақ. Сонымен қатар жем-шөп дақылдарының көлемі 95 мың гектарға, көкөніс алқабы 2,5 мың гектарға және қант қызылшасының көлемі 1,7 гектарға ұлғаймақ",-деді министр.

Оның айтуынша, жем-шөп дақылдары егістік алқабының ұлғаюы мал шаруашылығы саласына байланысты орын алып отыр.

Сондай-ақ министр, ағымдағы жылы ылғал сақтайтын технологияларды қолдану алқаптарының жалпы көлемі 11,9 млн. гектарға жететіндігін атап көрсетті. Ол барлық егістік алқаптарының 68 пайызын құрайды деп жоспарлануда. Бұл былтырғы деңгейден 650 мың гектарға немесе 6 пайызға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны