16.01.2009, 18:22 3025

Қазақстан 2010 жылға қарай инфрақұрымның сапасы бойынша 11 тармаққа көтеріліп, әлемде 60 орынды иеленуі керек

Қазақстан 2010 жылға қарай инфрақұрымның сапасы бойынша 11 тармаққа көтеріліп, әлемде 60 орынды иеленуі керек

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2010 жылға қарай инфрақұрымның сапасы бойынша 11 тармаққа көтеріліп, әлемде 60 орынды иеленуі керек. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрдің айтуынша, саланы дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын министрліктің 2009-2011 жылдарға араналған стратегиялық жоспарын қалыптастыру бойынша жұмыс аяқталды. 2009 жылға арналған стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

"Қабылданған меморандум мен стратегиялық жоспарды негізге ала отырып, 2009 жылға бірінші кезектегі міндет Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі бойынша бағаланатын инфрақұрылымның сапасын арттыру болып табылады",- деді С.Ахметов.

"Тұтастай алғанда 2010 жылға қарай инфрақұрымның сапасы бойынша 11 тармаққа көтеріліп, әлемде 60 орынды иеленуіміз керек",- деді ол.

Бәсекеге қабілеттіліктің ең осал деңгейін автомобиль жолдары инфрақұрылымы құрайды. Төменгі деңгейдің себебін біз жергілікті жолдар желісінің сапалық жай-күйінен көреміз. Жергілікті желінің сапасын жақсарту 23 тармаққа көтерілуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимылды және жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Иуе көлігі инфрақұрылымының сапасын бағалау жекелеген өңірлік авиакомпаниялар мен әуежайлардың инфрақұрылымы мен сервисін дамытуға тікелей тәуелді болады.

Сондықтан министрліктің маңызды мәселесі ішкі авиарынокты бәсекелестікті дамыту және лизинг арқылы мемлекеттік қаржы институттарының көмегімен өңірлік авиаапаркті жаңарту болып табылады.

Иуежайды одан әрі қайта жаңарту үкіметтің қарауына енгізілген әзірленген жоспар бойынша жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны