29.01.2013, 13:53 3396

Қазақстан 2013 жылы 150 млрд. теңге сомаға еурооблигация шығарады

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру мақсатында 2013 жылы 537,1 млрд. теңге сомаға мемлекеттік құнды қағаздар шығару, оның ішінде 150 млрд. теңгеге еурооблигациялар шығару жоспарлануда, деп хабарлады қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін Үкімет отырысында.

Алматы. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан 2013 жылы 150 млрд. теңге сомаға еурооблигация шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру мақсатында 2013 жылы 537,1 млрд. теңге сомаға мемлекеттік құнды қағаздар шығару, оның ішінде 150 млрд. теңгеге еурооблигациялар шығару жоспарлануда, деп хабарлады қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін Үкімет отырысында.

"2013 жылға республикалық бюджеттің дефициті 785,2 млрд. теңге көлемінде немесе ЖІӨ-нің 2,1% шамасында бекітіліп отыр. Ішкі нарықта 537,1 млрд. теңге көлемінде құнды қағаздар шығарудың есебінен, сыртқы нарықта - 248,1 млрд. теңге, оның ішінде 150 млрд. теңге сомаға еурооблигация шығарудың есебінен дефицитті қаржыландыру жоспарлануда", - деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайбойынша Үкіметтің қарызы 3 626,3 млрд. теңгені құрап отыр, ондағы ішкі қарыздың үлесі - 80% немесе 2 896,9 млрд. теңге, сыртқы қарыздың үлесі - 20% немесе 729,3 млрд. теңге.

"150 млрд. теңге сомаға еурооблигациялары шығарған кезде, үкіметтің сыртқы қарызы 879,3 млрд теңгенің немесе үкіметтік займдар портфелінің 24,2% құрайтын болады", деді министр өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны