06.09.2006, 12:58 3090

Қазақстан 2015-жылға дейін көмір өндіру мөлшерін жылына 100 млн. тоннаға жеткізеді - энергетика министрінің орынбасары

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан 2015-жылға дейін көмір өндіру мөлшерін жылына 100 млн. тоннаға жеткізеді. Бұл туралы бүгін бірінші Еуразиялық энергетикалық форум барысында еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Болат Ақшолақов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір Қазақстан дәлелденген көмір қоры бойынша дүниежүзінде 8 орында",- деді Б.Ақшолақов. Жалпы алғанда еліміздегі тас көмір қоры бүгінде 35 млрд. тоннаға жетеді. 33 жер қойнауын пайдаланушы көмір шығарумен шұғылдануда.

Б.Ақшолақовтың айтуынша, 2005-жылы елімізде 86,4 млн. тонна, 2006-жылдың І жартысында 45 млн. тонна көмір өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны