23.05.2012, 16:11 3039

Қазақстан 2030 жылға қарай газ өндіру көлемін екі есе арттырмақ

"Қазір біз 40 млрд текше метр газ өндіреміз. 2030 жылға қарай жылына 109-110 текше метр көгілдір отын өндіруді жоспарлап отырмыз" - деді ол сәрсенбі күні V Астана экономикалық форумы сессиясында.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан 2030 жылға қарай газ өндіру көлемін екі есе арттырмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан 2030 жылға қарай жыл сайын 110 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлап отыр, деп еліміздің Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті,- деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігі.

"Қазір біз 40 млрд текше метр газ өндіреміз. 2030 жылға қарай жылына 109-110 текше метр көгілдір отын өндіруді жоспарлап отырмыз" - деді ол сәрсенбі күні V Астана экономикалық форумы сессиясында.

Статистикалық деректерге қарағанда, былтыр Қазақстанда 39 млрд 346 млн 700 мың текше метр табиғи газ өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,2% артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны