05.09.2012, 10:18 3322

Қазақстан 8 айда электр қуатын өндіру 5 пайызға өскен

"Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстан Респубилкасында 58 млрд. сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5 пайызға артық", - деді ол.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 58 млрд. сағат электр энергиясы өндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Ағымдағы жылдың 8 айында Қазақстан Респубилкасында 58 млрд. сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5 пайызға артық", - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, 2012-2013 жылдың күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысныда энергия кәсіпорындарында 9 энергоблокты, 59 қазандықты және 41 трубинаны жөндеу көзделген. Қыркүйек айының басында 6 энергоблокқа, 25 қазандыққа және 12 трубинаға жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"Көптеген энергия көздеріндегі жөндеу мерзімдерінің кейінге шегерілуі тендердік процедуралардың дер уақытында өтпеуінен, қажетті қосымша бөлшектердің болмауынан және қосымша жөндеу жұмыстарының шығуынан орын алды", - деді И.Исекешев.

Оның атап өтуінше, қыркүйек айының басында энергия көздерінің қоймаларында 4,6 млн. тонна көмір жинақталған. Бұл өткен жылғы деңгейден 36 пайызға артық. Сонымен қатар 99 мың тонна мазут әзірленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны