07.06.2007, 18:58 2967

Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда экспортқа 8,3 млн тонна астық шығарған

АСТАНА. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда экспортқа 8,3 млн тонна астық шығарған, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ауыл шарушылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

"2006 -2007 маркетингтік жылда (1-шілдеден 30-маусымға дейін) астық экспортының көлемі 2007 жылдың 1-маусымындағы жағдаймен 8,3 млн тоннаны құраған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер, мұның Қазақстанның нарық экономикасынан көшкен жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылатындығын атай отырып.

Ауыл шарушылық министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, соның ішінде 6,4 млн бидай экспортқа шығарылған, оның 5,8 млн тоннасы - жоғарғы сапалы бидай. "Сонымен қатар, экспортқа 1,3 млн тоннадан астам ұн шығарылған, ол астыққа шаққанда 1,9 млн тоннаны құрайды",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан 30-мамырына дейін 3,4 млн тоннаға жуық астық, 629,3 мың тонна ұн (астыққа шаққанда 899,0 мың тонна) экспортталған, жалпы қосындысы 4,3 млн тоннаны құрайды.

Министрліктегілер, қазақстандық астық әлемнің 44 еліне экспортталғандығын атап өтті. Сондай-ақ, алыс шетелдерге 3,8 млн тоннаға жуық астық экспортталған, бұл экспортқа шығарылған астықтың жалпы көлемінің 59 пайызын құрайды. Қазақстан астығы келесі елдерге ең көп экспортталған: Түркия - 840,6 мың тонна, Үндістан - 360,6 мың тонна, Сауд Аравиясы - 354,4 мың тонна, Йемен - 352,9 мың тонна, Иран - 305,6, Египет - 227,1 мың тонна. Еуропа одағының елдеріне 505,2 тонна астық шағарылған. ТМД елдерінің ішінде қазақстандық астық экспортының негізгі көлемі Изербайжанның үлесінде - 734,0 мың тонна, ал Ресей Федерациясына - 732,2 мың тонна, Беларусь Республикасына 277,4 мың тонна, Қырғызстанға - 255,0 мың тонна экспортталған.

"Мамандардың айтуынша, астықтың экспорттық әлеуетінің өсуі диқашылықтың заманауи технологиясын пайдалану, тұқым шаруашылығын жетілдіру, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық өсімдкітерді қорғау заттарын пайдалану көлемін ұлғайту, мемлекет тарапынан іріктей қолдау мен өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша шаралар есебінен болып отыр",- деп айтылған Ауыл шаруашылық министрлігінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны