06.06.2007, 19:19 2891

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенін ДСҰ ұсынып отырған мемлекеттік қолдау деңгейіне дейін жеткізуі тиіс - ауылшаруашылығы министі

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты агроөнеркәсіптік кешенінің көкейкесті мәселелері бүгін үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеңесте сөз алған Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімовтің айтуынша, көп жағдайда агроөнеркәсіп кешені (АӨК) мәселесі ДСҰ жөнінде өтетін келісімдер үдерісінде пікірталас туғызып жатады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан АӨК -нін ДСҰ ұсынып отырған мемлекеттік қолдау деңгейіне дейін жеткізуі, тағам қауіпсіздігін, еліміздің ветеринарлық және фитосанитарлық салауаттылығын қамтамасыз етуі, АӨК жүйесінде серпінді жобаларды іске асыруы, сондай-ақ "Ауыз су" бағдарламасын іске асыруда мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыруы қажет",- деді А. Есімов.

Кеңеске қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстарды түйіндей келе, үкімет басшысы ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "2008-2010 жылдарға арналған республикалық бюджетті жасақтау кезінде және жергілікті бюджет қаражатының лимитін анықтауда Ауыл шаруашылық министрлігінің ұсыныстарын барынша ескеру керек" деп тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны