01.12.2009, 18:22 3033

Қазақстан Алматыдан Қырғызстанның Кенин бекетіне дейін жаңа электр жалғастыру желісін тартады

Қазақстан Алматыдан Қырғызстанның Кенин бекетіне дейін жаңа электр жалғастыру желісін тартады

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан Қырғызстанның Кенин бекетіне дейін жаңа электр жалғастыру желісін тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы бүгін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қырғызстандық әріптесі Данияр Үсеновпен кездесу қорытындысы бойынша мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан үкіметі бүгін ел президентінен тиісті тапсырма алды: біз жобаға бірігіп, Алматы мен Кенинді жаңа электр жалғастыру желісі арқылы қосамыз", - деді Кәрім Мәсімов.

"KEGOC" АҚ президентінің міндетін атқарушы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, "бұл Қырғызстанның Кенин бекеті мен Алматыда салынып жатқан жаңа станция арасындағы учаске туралы болып отыр".

Оның айтуынша, жаңа электр жалғастыру желісін тартуға жұмсалатын инвестиция көлемі "шамамен $140 млн құрайды, бұған қоса Алматыда жаңа диспетчерлік орталық салынады. Бұған тағы да $10 млн көлемінде қаржы жұмсалмақ".

А. Сәтқалиевтің нақтылауынша, "құрылыс несиелік қаражаттың есебінен қаржыландырылады, бірақ қаржыландыру көздері техника-экономикалық негіздемесінен кейін айқындалады".

Оның айтуынша, құрылысты KEGOC компаниясы жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны