02.10.2009, 15:42 2822

Қазақстан астығын Өзбекстан арқылы Ауғанстанға экспорттаудағы проблема биыл да сақталады - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстан астығын Өзбекстан арқылы Ауғанстанға экспорттаудағы проблема биыл да сақталады - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан астығын Өзбекстан арқылы Ауғанстанға экспорттаудағы проблема биыл да сақталады. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан астығын Өзбекстан арқылы Ауғанстанға экспорттаудағы проблема биыл да сақталады, ол астық сататын баламалы бағыттарды кеңейтуге қатысты мәселені шешпейінше сақталады", - деді А. Евниев.

"Бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде: біздің теміржол бағыттарымыз кеңейе түсуде, атап айтсақ, жуырда Каспий теңізінің жағалауы арқылы өтетін теміржолдың құрылысы басталды, соның арқасында біз астықты Иранға шығарудың қосымша мүмкіндігіне ие боламыз. "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" өзінің ирандық серіктестерімен бірлесе отырып, Каспий теңізіндегі Иран айлағында астық терминалын салып аяқтап келеді. Сонымен бірге, біз қазір Қытай корпорациясымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, алғашқы астық партиясы сынақ ретінде жіберілді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны