01.02.2016, 17:05 3862

Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Иран бағдарындағы тұӊғыш контейнерлік пойыз жіберілді

Жаӊа контейнерлік бағдар Қытай, Қазақстан, Түркіменстан,Иран темір жол әкімшіліктерініӊ бірлескен ұйымдастыру шараларыныӊ нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл жоба Шығыс Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне жүктерді жедел жеткізуге арналған алғашқы логистикалық шешім болып табылады

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Иву қаласында (Шығыс Қытай, Чжэцзян провинциясы) Қазақстан аумағы арқылы Иранға транзиттік контейнерлік пойызын жөнелту салтанаты өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Салтанатты шараға Иву қаласыныӊ мэрі Шэнь Цзю Пинь мен Қытай темір жол әкімшілігініӊ басшылары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Translnvest Group халықаралық логистикалық холдингініӊ өкілдері қатысты.
Жаӊа контейнерлік бағдар Қытай, Қазақстан, Түркіменстан,Иран темір жол әкімшіліктерініӊ бірлескен ұйымдастыру шараларыныӊ нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл жоба Шығыс Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне жүктерді жедел жеткізуге арналған алғашқы логистикалық шешім болып табылады.
Пойыз бағдары Қытай темір жолы, Алашанкау-Достық шекаралық бекеті, Қазақстаныныӊ жаӊа темір жол желісі (Жезқазған-Бейнеу, Өзен-Болашақ), әрі қарай Түркменстан желісімен Иранныӊ Тегеран қаласына барады.
Пойыз құрамы аралас жүктер тиелген 40 футтық контейнерлерден тұрады. Бағдардыӊ жалпы ұзындығы 9 мыӊ шақырымнан астам. Құрғақтағы темір жолмен 10 тәулікте жүріп өтсе, ол аралықты теӊіз арқылы 25-30 күн жүреді.
Қазақстанныӊ жаӊа көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бағдарды барынша қысқартып, жүкті жеткізу мерзімін жеделдетіп, Еуразиялық құрлықтағы аймақтық сауданыӊ серпінді дамуына ықпал етеді.
Контейнерлік тасымалды дамыту - еліміздіӊ транзиттік әлеуетін еселей арттырып, бәсекелестікке қабілеттілігін де көтере түседі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны