14.02.2011, 16:12 4655

Қазақстан аумағының 70 пайызы шөлге айналуы мүмкін

Қазақстан территориясының 70 пайызы шөлейттену үдерісіне шалдығып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдалану мәселелері туралы" атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан территориясының 70 пайызы шөлейттену үдерісіне шалдығып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдалану мәселелері туралы" атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, "бұл жағдайда көңіл аударатын мәселе - елдің суармалы және егістік жерлерінің 63,5%-да қарашіріктің төмен болуы", - деді ЖРБА басшысы.

Ө.Өзбековтің айтуынша, 2000-2007 жылдар аралығында егістік жерлерде жүргізілген агрохимиялық зерттеулер көрсеткендей, "егер бұрында бір га егіндік жерде тыңайтқыш көлемі 19,1 кг, онда бұл көрсеткіш 2000 жылы 0,7 кг, ал 2010 жылы 4,14 кг құрады".

"Сондықтан, тыңайтқыштарды ауыл шаруашылық өндіріске жүйелі түрде жеткізу қателік болып саналмайды", - деді Ө.Өзбеков.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "жерге, оның сапалық құрамына қатысты мониторинг жүргізілген болатын. Соның нәтижелеріне жүгінсек, жердің сапалық сипаты бойынша елімізде 30,5 млн. гектар жер жел және су эрозияларына ұшыраған. Оның ішінде 1,6 млн. гектар жерді егістік алқабы құрап отыр", - дейді Ө. Өзбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны