08.02.2010, 14:24 3267

Қазақстан банктері 2010 жылдың 1-тоқсанында кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуін күтуде

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан банктері 2010 жылдың 1-тоқсанында кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуін күтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ағымдағы жылдың қаңтарында екінші деңгейдегі банктерге кейіннен банктердің өкілдерімен сұхбат жүргізе отырып, сауалнама жүргізу нысанында "Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы" кезекті тексеруді жүргізді. Банктер ұсынған нәтижелер кредит нарығының мынадай сапалық үрдістерін растайды.

Корпоративтік кредиттеу секторында қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың шамалы өскені байқалып отыр. Сұраныстың ұлғаюы туралы мәлімдеген респонденттердің үлесі 2009 жылғы 3-тоқсандағы 18%-дан 4-тоқсандағы 30%-ға өсті. Қаржылық емес ұйымдар кредиттік ресурстарды айналым қаражатын толықтыру және бұрын алынған кредиттерді қайта құрылымдау үшін тартуын жалғастырып отыр.

Банктердің пікірі бойынша, жаңа заемшылар өтініш беруде, бірақ олардың үлесі өте төмен және олардың бір бөлігі көбінесе банктердің талаптарына сәйкес келмейді, себебі банктердің кредиттік саясаты әлі де қатаң болып қалуда.

Банктердің 2010 жылдың 1-тоқсанына арналған болжамы кредит саясатына қатысты консерватизмді сақтап отыр және корпоративтік заемшылар тарабынан кредиттік ресурстарға сұраныстың қалыпты өсуін күтуде.

Кредиттеудің бөлшек нарығында кейбір тыныштық байқалуда, бұл белгілі бір дәрежеде маусымдық фактордың ықпал етуіне байланысты. 2009 жылғы 4-тоқсанда ипотекаға сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесі 17% құрады, бұл 3-тоқсанға қарағанда (26%) айтарлықтай төмен. Сондай-ақ тұтынушылық кредитке сұраныстың ұлғаюын мәлімдеген респонденттердің үлесінің төмендеуі байқалып отыр - өткен кезеңдегі 37%-дан талдау жасалып отырған кезеңдегі 19%-ға дейін.

Банктердің пікірі бойынша, ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың шамалы төмендеуіне маусымдық фактор белгілі бір дәрежеде ықпал етті, банктердің бағалауы бойынша жылдың аяғы халықтың тарапынан іскерлік белсенділіктің кейбір бәсеңдеуімен сипатталады.

Банктердің кредиттік ресурстарды ұсыну факторларының одан әрі динамикасына қатысты жауаптары көрсетіп отырғандай, банктердің көпшілігі халыққа қатысты кредиттік саясатты бұрынғы деңгейде қалып отыр деп бағалауда. Сонымен қатар 5 ірі банктің орташа алынған бағалауы бойынша кредит саясатының және бөлшек кредиттер бойынша талаптардың кейбір бәсеңдеуін 2010 жылдың 1-тоқсанында күтуге болады.

Бұл ретте корпоративтік заемшыларға қатысты, 5 ірі банктің ақпараты бойынша, төмендегі талаптар кредиттеудің ықтимал жандануы үшін негізгі мотивация болып табылады:

банктер жеткілікті өтімділікке қарағанда, көбірек өтімділік жинақтады;

Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы сыйақы ставкасы өте төмен;

Компаниялар және халықтың депозиттері бойынша сыйақы ставкасы айтарлықтай жоғары, нәтижесінде бұл ішкі қорландырудың қымбат болуы салдарынан маржаның төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Банктердің пікірі бойынша, тұтастай алғанда кредиттеудің жандануы: Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалдың (макроэкономикалық тәуекелдер), оның ішінде халықты жұмыспен қамту бойынша ахуалдың орнықтылығына және тұрақтандыруға; кредиттік портфель сапасының одан әрі динамикасына, яғни мерзімнің өтуінің өсуіне; қаржы секторындағы реттеушілердің іс-әрекеттеріне қатысты болады, яғни реттеушілік нормаларды қатаңдату экономиканы кредиттеуді тежеуге әсер етуі мүмкін.

Нашар кредиттердің үлкен үлесі осы уақытқа дейін банктердің негізгі жүйелік тәуекелі болып табылады, алайда, олардың көлемі, банктердің өзінің бағалауы бойынша тұрақтандырылды. Өтімділік тәуекелі және валюталық тәуекел банктер үшін біртіндеп төмендеуде, соңғы көрсеткіш барынша төмендеді, атап айтқанда: өтімділік тәуекелінің ұлғаюын респонденттердің 17%-ы, ал валюталық тәуекелдің өсуін респонденттердің небәрі 8%-ы атап өтті. 2009 жылғы 4-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағаларының тұрақтануын ескере отырып, кепілге салынған мүліктің одан әрі құнсыздануы проблемасы өткірлігінің төмендегенін атап өту қажет. Банктердің бағалауы бойынша, кепілге салынған мүліктің барынша құнсыздануы 2009 жылғы бірінші жарты жылдықта болды.

Банктер үшін маңызды проблемалардың бірі жинақталған кепілзаттарды сатудан тұрады, заемшылар көбінесе өзінің қаржылық жағдайының нашарлауы салдарынан заем бойынша міндеттемелерінен бас тартады және олардың кепілге салынған мүлкі банкке өтеді, ал құнсызданған кепілзатты, әсіресе жылжымайтын мүлікті сату жылжымайтын мүлік нарығы өтімділігінің төмен болуынан айтарлықтай күрделі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны