29.06.2009, 11:36 1678

Қазақстан биыл экономикалық деңгейдің төмендеуіне жол бермейді - Назарбаев

Қазақстан биыл экономикалық деңгейдің төмендеуіне жол бермейді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қала құрылысын салушылардың жыл сайынғы ҮІІІ форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Сонымен бірге, оның айтуынша, "әзірге дүниежүзінде экономика көтеріле бастады және біз оған қол жеткіздік деп айта алмаймыз, бәрі АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония секілді ірі әлемдік экономикалардың жандауына байланысты".

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан биыл экономикалық деңгейдің төмендеуіне жол бермейді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қала құрылысын салушылардың жыл сайынғы ҮІІІ форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Жылдың бірінші жартысында елдің экономикасы өткен жылғы деңгейге көтеріледі деп біз есептеп отырмыз және экономикалық деңгейдің төмендеуіне жол берілмейді", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "әзірге дүниежүзінде экономика көтеріле бастады және біз оған қол жеткіздік деп айта алмаймыз, бәрі АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония секілді ірі әлемдік экономикалардың жандауына байланысты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны