15.06.2009, 14:44 1590

Қазақстан дағдарыстан кейінгі шараларды Халықаралық валюта қорымен бірлесе дәйектеуден үмітті

Қазақстан дағдарыстан кейінгі шараларды Халықаралық валюта қорымен бірлесе дәйектеуден үмітті

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан дағдарыстан кейінгі шараларды Халықаралық валюта қорымен бірлесе дәйектеуден үмітті. Бұл туралы Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының реттеуші-директоры Доминик Стросс-Канмен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан экономикасы қалпына келетінінен үмітті.

"Илемдегі басқа да елдердің экономикасы сияқты Қазақстан экономикасына да дағдарыстың салқыны тиді. Егер Қазақстан үкіметінің қабылдап жатқан барлық шаралары іске жарап жатса, онда 2009 жылы ел экономикасының алдында тұрған күрделі міндеттердің шешілетініне сенімдімін. Біз 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында әлем экономикасы көтеріледі деп болжап отырмыз. Оның ізін ала Қазақстан экономикасы тез қалпына келетінінен үміттіміз", деді Астанада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында Халықаралық валюта қорының реттеуші-директоры Доминик Стросс-Кан.

Доминик Стросс-Кан экономикасы дамыған көптеген елдерде капитал ағыны тоқтап қалғанын атап өтті.

"Қазақстан үкіметінің капитал ағынын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатқанын естіп қуанып отырмын. Қытайды қосқанда, елдің бәрі әріптестер іздестіруде. Бұндай шаралар Халықаралық валюта қоры тарапынан да Қазақтан экономикасына шетелдік инвестициялардың көлемін бұрнағы жылдардың деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны