13.02.2008, 16:35 3097

Қазақстан ДСҰ мүшелігіне 2009 жылы енуді жоспарлап отыр

Қазақстан ДСҰ мүшелігіне 2009 жылы енуді жоспарлап отыр

Астана. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне 2009 жылы енуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Канадамен екі жақты келіссөздердің аяқталғаны жөніндегі хаттамаларға қол қою рәсімінен кейін, ҚР индустрия және сауда вице-министрі, ДСҰ ену жөнінде келіссөздеріндегі Қазақстанның арнайы өкілі Жанар Айтжанова құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жылы біз барлық екі жақты келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бәрі де ойдағыдай болса, ондай мүмкіндік Қазақстанда бар, онда келесі жылы көп жақты келіссөздерді аяқтайтын боламыз ", -деді Ж. Айтжанова.Ол түсіндіргеніндей, көп жақты келісөздердің аяқталуы ДСҰ мүшелігіне ену деген ұғымды білдіреді.

Оның сөздері бойынша Қазақстан екі жақты келіссөздерді бес мемлекетпен жүргізуі қалды. Олар - АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Үндістан және Моңғолия.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны