01.12.2011, 14:26 3306

Қазақстан экономикалық дамудың тұрақты кезеңіне өтті

Ол бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында дамудың көптеген кезеңдерінен өткенін, осы орайда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күрделі белестер еңсерілгенін атап өтті.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан экономикалық дамудың тұрақты кезеңіне өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2010 жылы 7 %-дық өсім болса, 2011 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша біз 7 %-дық өсімді байқадық. Менінше, алдағы екі аптада 11 айдың нәтижесін көретін боламыз. Шамамен, Қазақстан жылына 7%-дық өсіммен өркендеп келеді", деп мәлім етті Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Астанада өткен "Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және жаңа міндеттер" атты экономикалық форум барысында.

Ол бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында дамудың көптеген кезеңдерінен өткенін, осы орайда Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күрделі белестер еңсерілгенін атап өтті.

"90 жылдары негізгі нарықтық реформалар жүргізіліп, бүгіндегі біздің егеменді еліміздің табысты дамуының негізі қалыптасты", деп тоқталып өтті К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны