01.03.2010, 16:57 3470

Қазақстан экономикасының өсімі 2010 жылы 2% деңгейінде болжануда - Сұлтанов

Қазақстан экономикасының өсімі 2010 жылы 2% деңгейінде болжануда - Сұлтанов

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан экономикасының өсімі 2010 жылы 2% деңгейінде болжануда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Илемдік тауар нарығында оң баға динамикасы байқалатындығын ескере келе әлемдік мұнай бағасының болжамы 2010 жылы бір барреліне 50 доллардан $65-ке дейін ұлғайтылды. Аталған сыртқы факторлар мен ішкі даму алғышарттарын ескеру негізінде Қазақстан экономикасының өсімі 2010 жылы 2% деңгейінде болжануда", - деді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,3%-ға өседі. Мұнай өндіру көлемі 2010 жылы 80 млн тоннаны құрайды деп бағалануда. 2010 жылы экспорт $49,6 млрд, импорт - $34,2 млрд көлемінде болжануда.

Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, "инфляция 2010 жылы 6 - 8% деңгейінде болмақ.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, " мемлекет басшысының жолдауынан туындайтын іс-шараларға тартылатын кепілдендірілген трансферт көлемін 1,2 трлн теңгеге дейін жеткізуге байланысты Ұлттық қордан қосымша 124,3 млрд теңге тартылады". "Республикалық бюджет кірісінің болжамы (трансферт түсімдерінсіз) 103 млрд теңгеге ұлғайтылған. Келесі факторлардың негізінде қосымша кіріс түсімдері мынадай болады деп болжануда: 61,3 млрд теңге - біртұтас кедендік тариф енгізілуге байланысты; 19,6 млрд теңгеге артық түсім - Корпоративтік кіріс салағы бойынша, 22,1 млрд теңгеге - табиғи ресурстарды пайдалану бойынша түсімдер. Бұл ретте жергілікті атқарушы билік органдарына баспана салуға берілген бюджеттік несиелерді қайта құрылымдауға байланысты республикалық бюджет түсімдері 13,7 млрд теңгеге қысқарады деп күтілуде", - деді ол.

Сондай-ақ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, республикалық бюджетті ағымдағы нақтылау барысында 2009 жылдың қорытындысы бойынша қалығарн бос қалдық - 24,1 млрд теңгені тарту жоспарлануда. Бюджет тапшылығын қаржыландыруға қосымша 26,6 млрд теңге көлемінде несие тарту, соның ішінде ішкі нарықтан - 13,4 млрд теңге, сыртқы нарықтан - 13,2 млрд теңге тарту көзделген.

Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2010 жылы 1,5 - 2% құрайды деп болжануда. ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев мәлім еткендей, бұл - біршама консервативтік болжам.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны