26.01.2015, 16:19 4498

Қазақстан электр энегиясы экспортыныӊ көлемін 2 мыӊ МВт-қа дейін ұлғайтуға мүдделі - Школьник

Қазақстан электр энегиясы экспортыныӊ көлемін 2 мыӊ МВт-қа дейін ұлғайтуға мүдделі, деді Мәжілістіӊ үкіметтік сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан электр энегиясы экспортыныӊ көлемін 2 мыӊ МВт-қа дейін ұлғайтуға мүдделі, деді Мәжілістіӊ үкіметтік сағатында Энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі таӊда Қазақстаннан электр энергиясын шығару мүмкіндігі жоғарылауда. Біздіӊ әлеуетіміз өте жоғары. Қазір біз 2000 МВт көрші елдерге экспорттай аламыз"" - деді В.Школьник, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министр Еуразиялық экономикалық одақ келісім аясында 2019 жылға дейінгі электр энергетикасыныӊ ортақ нарығын құру болжанып отырғанын атап өтті. "Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мамыр айында электр энергиясыныӊ ортақ нарығыныӊ тұжырымдамасы қабылданады. Ол техникалық мүмкіндік аясында электр энегргиясы нарығыныӊ барлық қатысушыларына мемлекетаралық табыстау жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Оныӊ басты міндеті электр энергиясын тиімді қолдану және елдіӊ ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету. Еӊ біріншіден өзіміз үшін, біз Беларусь және Ресеймен өз энергиямызбен бәсекелестікке шыға аламыз", - деді ол.

Школьник атап өткендей, келешегі мол бағыт ретінде Екібастұздан СУАР Хами қосалқы бекетіне дейінгі жоғары желілі тоқ құрылысы арқылы электр энергиясы әлеуетініӊ экспортын кеӊейту мәселелері қарастырылуда.

"Бұл 6 ГВт-қа дейінгі электр энергиясын Қытайға жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таӊда келіссөздер жүргізілуде. Бұл экспорт көбеюініӊ маӊыздылығы мен бюджеттіӊ толығуына өсім береді", - деді ол.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігі Каса жобасын қаратыруда.

"Ұсынылып отырған жоба Орталық Азия елдерініӊ жаз мезігіліндегі артық қалған 1300 МВТ электр энегриясын толық игеруді қамтамасыз етеді", - деді ведомство басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны