13.05.2014, 20:53 1615

Қазақстан инфляцияның қалыпты қарқынын тұрақтандырды - Қ.Келімбетов

"Сондай-ақ, жақсы көрсеткіш ретінде Ұлттық банктың халықаралық резерві 28 млрд. долл. асты. 2013 жылдың соңына қарай ол 24 млрд. долл. асса, 2012 жылы 28 млрд долл. болатын. Яғни, алтынвалюта қоры 2012 жылғы жағдайға жетті. Бұл макроэкономикалық көрсеткіш көңілімізден шығып отыр", - деді Қ. Келімбетов.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгінде Қазақстанда инфляцияның қалыпты қарқыны тұрақтандырылып, 2014 жылы бұл көрсеткіш 6-8% аралығында ауытқитынын айтты.

"Макроэкономикалық көрсеткіштерден сәуір айында инфлияция 0,6 пайызды құрады, естеріңізде болар, бірінші маусымда бұл көрсткіш 0,3-ті құраған. Сонымен 4 айдың қорытындысы бойынша, жылдық көрсеткіште 3,9. Бұл 6,5%. Өткен жылы осы уақытта ақшаның құнсыздану көлемі 4,8% болған. Алайда біздің пікірімізше, Қазақстанда инфляцияның қалыпты қарқыны тұрақтандырылып, 2014 жылы бұл көрсеткіш 6-8% аралығында ауытқитын болады", - дейді ол.

Бұдан басқа, ол, 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанның ағымдағы есепшотының сальдосы жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр, деп атап өтті. Дәлірек айтатын болсақ, 5,5 млрд. долл. құрады. Сонымен қатар, ол мысал ретінде өткен жылдың көрсеткіші ретінде тілге тиек етті. Атап айтатын болсақ сальдо -118 млн долл. құрап, көңіл көншітпеді.

"Сондай-ақ, жақсы көрсеткіш ретінде Ұлттық банктың халықаралық резерві 28 млрд. долл. асты. 2013 жылдың соңына қарай ол 24 млрд. долл. асса, 2012 жылы 28 млрд долл. болатын. Яғни, алтынвалюта қоры 2012 жылғы жағдайға жетті. Бұл макроэкономикалық көрсеткіш көңілімізден шығып отыр", - деді Қ. Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны