11.03.2007, 14:11 3406

Қазақстан Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку теміржол дәлізін жүк ағымымен қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді

БАКУ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку теміржол дәлізін жүк ағымымен қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді, деп мәлімдеді журналистерге Изербайжанның көлік министрінің орынбасары Мұса Панахов.

"Қазақстан бұл дәлізді жүкпен қамтамасыз етуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Біз де Қазақстанның жобаға қатысуына қатысты жұмыстар істейміз. Егер олар жүк ағымын қолдап жобаға қатысса, бұл дәліз қызметінің тиімділігін арттырады",- деді М. Панахов.

Оның сөздеріне сүйенсек, Қазақстан жағы Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку арқылы жылына 10 млн тонна жүк тасымалдауды жоспарлап отыр.

"Бұл аталмыш дәліз үшін айтарлықтай үлкен көлем. Егер Қазақстан жағы тіптен жобаланып отырған жүк көлемінің жартысын қамтамасыз етсе де Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку көлік дәлізінің экономикалық тиімділігін арттырады",- деп атап көрсетті министрдің орынбасары.

Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку теміржол көлік дәлізі жобасына ұзындығы 98 шақырым Карс - Ахалакалаки теміржол тармағын салу да кіреді, оның 68 шақырымы Түркия аумағы, 30 шақырымы Грузия аумағы арқылы өтеді. Сондай-ақ, Ахалкалаки - Тбилиси аумағына да кейбір жаңартулар жүргізу қажет. Түркиядағы құрылыс жұмыстары 220 млн АҚШ долларына, Грузияда 202 млн АҚШ долларына бағалануда.

Еуропалық темір жол желілеріне тікелей шығатын жол тармағы бойынша жыл сайын шамамен 30 млн тонна жүк тасымалданады деп күтілуде.

Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша, Карс - Ахалкалаки - Тбилиси - Баку теміржолын пайдалануға бергеннен екі-үш жылдан кейін ол арқылы 3 - 5 млн тонна жүк тасымалданады, ал жүк тасымалдаушылар үшін баға пайдалы болған жағдайда 5 жылдан кейін тасымалдау көлемі 5 - 8 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Жүк тасымалының бір бөлігі мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі болады, бірақ басым бөлігін құрғақ жүк құрайды (кокс, күкірт, түсті металл және тағы басқалар).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны