18.10.2011, 09:45 3515

Қазақстан, Қырғызстан, Изербайжан және Түркия бизнесмендері Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесін құрмақ

Алматыда 19 қазанда Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің ірі іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Алматы. 18-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан, Қырғызстан, Изербайжан және Түркия бизнесмендері Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесін құрмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда 19 қазанда Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің ірі іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Саммит қарсаңында Алматыда Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінің ірі іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өткізу, сондай-ақ Түркітілдес елдер іскер топтарының кеңесін құру көзделуде", - деді А. Ибибуллаев.

Еске сала кетейік, Қазақстан, Изірбайжан, Қырғызстан және Түркия басшыларының қатысуымен Алматыда 20-21 қазанда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің I саммиті өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны