25.01.2007, 10:18 2767

Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС салып бітіру жобасында қандай да бір меншік құқығын иеленуі қажет - "Самұрық" АҚ басшысы

АСТАНА. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Қырғызстандағы Қамбарата ГЭС-ін салып бітіру жобасында қандай да бір меншік құқығын иеленуі қажет. Бұл туралы кеше "Самұрық" мемлекеттік холдингі" АҚ кеңейтілген мәжілісінде басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев сөз етті.

"Қамбарата ГЭС құрылысына қатысуға асығудың қажеті жоқ еді. Бірақ Ресей Федерациясы бюджеттен техникалық-экономикалық зертеулерге қаржы бөлу туралы шешімге келген",-деп түсіндірді С.Мыңбаев. "Еліміздің оңтүстік өңірілері су тапшылығын көп жылдан бері бастан кешіріп отырғаны мәлім. Сондықтан бұл жобаның бізге маңызы зор. Осы ретте біз оңтүстік көршілерден ғана емес, солтүстік көршілерімізден де тәуелді болып қалмау үшін жобадағы меншіктік құқымыздың басын ашып алғанымыз қажет"-деп түсіндірді С.Мыңбаев.

Ілгеріде РАО "ЕЭС России" мен Қырғызстан үкіметі "1-ші және 2-ші Қамбарата ГЭС құрылыстарын аяқтау жобасын жүзеге асыру туралы ортақ әрекеттер туралы" меморандумға қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны