05.09.2016, 16:55 3619

Қазақстан қытайлық компаниялармен бірқатар құжаттарға қол қойды

Жобалар инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асатын болады. Айталық, жалпы сомасы 20 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ ҚХР-на сапары аясында ҚР Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Б.Сағынтаев пен ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан қытайлық жетекші компания өкілдерімен кездесті.

ИДМ хабарлағандай, жобалар инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асатын болады. Айталық, жалпы сомасы 20 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталмыш бағдарлама өндірістіӊ өӊдеу секторына жаӊа технология трансферттеу, қазақстандық жұмыс орындарын құру мен ҚХР-на дайын өнім экспорттауға бағытталған.

Дөӊгелек үстел барысында инвесторларға инвестициялық климаттыӊ жақсарғаны мен мемлекеттіӊ инвестицияны қолдау шаралары бойынша қабылданған қадамдары таныстырылды.

Өз кезегінде қытайлық компаниялар жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстырып, Қазақстанныӊ инвестициялық климатына жоғары баға берді.

Сонымен қатар, дөӊгедек үстел аясында "KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc" ЖШС мен Қытайдыӊ Мемлекеттік Даму Банкі арасында жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ доллары болатын құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар, ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Zhejiang JUMORE E-CommerceCo, Ltd" компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумына және ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шанхай қаласыныӊ халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Комитеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Жоғарыдағы қол қойылған құжаттар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары деӊгейдегі ынтымақтастықты айғақтайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны